Атырау, 6 желтоқсан 16:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Екпенің арқасында Қазақстанда жұқпалы аурулар саны азайды

256 рет қаралды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитаричлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде деп хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, жарты жылдың ішінде 31 жұқпалу ауру бойынша аурушаңдық азайғаны байқалады. Оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді. 

Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.

Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады.

Сондай-ақ, эпидемиологтар атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді. 

11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.

16 шілде, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.