Атырау, 6 желтоқсан 16:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қостанайда отағасы әйелі мен енесіне қол салып, баласын жарақаттады

369 рет қаралды

15 шілдеде кеште Қостанай облысы Қарабалық кентінде қылмыс жасалды: алдын ала мәлімет бойынша 45 жастағы еркек әйелі мен енесін өлтірген.

Бұл туралы HALYQSTAN басылымы полициядағы дереккөздерге және жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі болғандай, шабуыл салдарынан күдіктінің 10 жастағы ұлы жарақат алған, ал оның қызы аман қалып, оқиға орнынан қашып үлгерген.

Куәгерлердің айтуы бойынша, ер адам қылмыс жасағаннан кейін жасырынуға тырысқан. Ол көрші сарайдан табылды, болжам бойынша қолдарында өзіне өзі салған жарақаты бар. Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстап, күзетпен медициналық мекемеге жеткізді.

Қостанай облысының полиция департаменті кісі өлтірудің екі дерегін растап, іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Отағасының мұндай әрекетк жасауына не себеп болғаны анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам отбасынан бөлек тұрған.

16 шілде, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.