Атырау, 6 желтоқсан 16:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Fitch Қазақстанның «BBB» рейтингін «Тұрақты» деп растады

308 рет қаралды
Сурет: Google Maps

2025 жылғы 15 шілдеде Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Қазақстанның BBB деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін растады, болжам – «Тұрақты».

Агенттік рейтингті сақтаудың негізгі факторлары ҚР Ұлттық қорының валюталық активтері мен Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерін қоса алғанда, таза сыртқы активтердің жоғары деңгейі, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, біртіндеп фискалдық шоғырландыруды жүргізу, қаржыландырудағы икемділік, тұрақты экономикалық өсу және қалыпты геосаяси тәуекелдер болып табылатынын атап өтті.

Теңіз кен орнын (ТКО) кеңейту есебінен мұнай өндірудің жоғары көлемі мұнай бағасының төмендеуінің әсерін айтарлықтай өтейтіні атап өтілді.

Агенттіктің пікірінше, салық кодексіне реформалар жүргізу орта мерзімді перспективада фискалдық тапшылықты қысқартуға мүмкіндік береді.

Кепілдендірілген міндеттемелерді қоса алғанда, мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы тұрақты болып қалады деп болжануда.

Жалғасып жатқан бюджеттік және квази-бюджеттік қолдаудың арқасында экономиканың шикізаттық емес секторы экономика құрылымына тұрақты үлесті қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Сонымен қатар Fitch АҚШ-пен 25%. тарифтердің енгізуі елдің сыртқы саудасының жалпы құрылымындағы АҚШ-тың төмен үлесіне байланысты Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, агенттік қайталама санкциялардың төмен тәуекелдерін атап өтеді.

16 шілде, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.