Атырау, 6 желтоқсан 16:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда әр алтыншы тұрғын темекі шегеді — 2025 жылғы статистика

304 рет қаралды

Қазақстандағы ересек тұрғындар арасындағы темекі тұтыну деңгейі жылдан-жылға төмендеп келеді.

Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес, 2025 жылы 15 жастан асқан азаматтардың 17,5%-ы темекі шегетінін көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға төмен. Өткен жылы шылым шегетіндердің үлесі 20,7% болған.

Зерттеу 2025 жылдың қаңтар айында елдің барлық өңірлерінде, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілген. Оған 12 000 үй шаруашылығы өкілдері қатысты.

Түскен дерек бойынша, ауылдық жерлерде темекі тұтыну деңгейі жоғары - 19,1%, ал қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 16,7% құрап отыр.

Шылым шегушілердің басым бөлігі — 93,8%-ы өнеркәсіптік жолмен өндірілген темекіні тұтынады.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық бар: шылым шегушілердің 34%-ы — ер азаматтар, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш небәрі 5% ғана.

Бұл зерттеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) халықаралық әдістемесіне негізделген «Ересектер арасында темекіні тұтынуды жаһандық зерттеу» (GATS) аясында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен 2020 жылдан бері жыл сайын жүргізіліп келеді.

15 шілде, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.