Атырау, 6 желтоқсан 16:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

БҚО прокуроры қызметінен босатылды

351 рет қаралды

Бірқатар дереккөз Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Шалабаев қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты қызметінен босатылғанын хабарлайды.

Шалабаев 1965 жылы 4 шілдеде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық кентінде дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. Үйленген, 3 баласы бар.

Прокуратура органдарында 1992 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі-стажері, Ақтау қаласы прокуратурасының аға тергеушісі, облыс прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, аға прокурор, Маңғыстау облысы прокуратурасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары қызметтерінен бастап жұмыс істеді. 1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысының Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Оның ішінде Ақтау, Ақмола гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Бас прокуратура аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық басқармасының бастығы, қамауда ұсталатын және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының сақталуына заңдылықты қадағалау жөніндегі департамент бастығының орынбасары, Алматы және Атырау облыстары прокурорының орынбасары, Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының проректоры қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 26 наурызынан 2022 жылдың шілдесіне дейін – Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы.

2022 жылдың 27 шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарып келді.

15 шілде, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.