
Бұл туралы ақпаратты "АЖ"-ға Қорғаныс министрлігі растады.
Астана қаласындағы әскери авиациялық база аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан бір әскери қызметші жараланды.
Зардап шегуші дереу елордалық емдеу мекемесіне жеткізіліп, онда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды.
Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау үшін қылмыстық іс қозғалды. Ведомствода хабарлағандай, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
В Атырау 0