
Премьер-министр Олжас Бектенов қайырымдылыққа жиналған қаражаттың 3 млрд теңгесін жымқырды деп айыпталған Перизат Кайраттың атышулы ісіне байланысты өз пікірін айтты.
2025 жылғы 15 шілдеде өткен брифингте үкімет басшысы қайырымдылық қаражат жинау саласының ашықтығы мен есебін күшейту үшін тиісті заңнамалық түзету қажет екенін атап өтті.
- Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отыр, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардан қайырымдылық түрінде жиналған қаражат та мақсатсыз жұмсалатнын – бұл соның айқын мысалы. Бұл жалғыз мысал емес, басқа да осындай жағдайлар бар. Бірақ бұл – ең даулы, ең шулы іс шығар, – деді премьер.
Бектеновтың айтуынша, құқық қорғау органдары қаражатты жымқыру қандай жолмен жүзеге асырылғанын көрсететін нақты механизм ұсынады.
- Соның негізінде болашақта осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қандай да бір заңнамалық түзетулер қабылдануы мүмкін, – деді үкімет басшысы.
Еске сала кетсек, 30 маусымда Бас прокуратура Перізат Қайратқа және оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Олар "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" ұйымы арқылы жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаражатты мүгедек балаларға, су тасқынынан және Газа секторындағы қақтығыстардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған деген желеумен жымқырды деп айыпталуда.
В Атырау 0