Атырау, 6 желтоқсан 18:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті

218 рет қаралды

14 шілдеде Алматының Алатау ауданында бірнеше көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды. 

Оқиға Бурундай тас жолында кешкі сағат 18:10 шамасында орын алды. МАЗ автокранының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен Mersedes және KIA көліктерімен соқтығысқан, артынша қарсы бағытқа шығып, автобус пен Subaru-ға соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 23 адам зардап шекті, оның ішінде автобустағы жолаушылар мен жеңіл көлік жүргізушілері бар. Олардығңң барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  

Полиция оқиға бойынша тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

15 шілде, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.