Атырау, 6 желтоқсан 18:52
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Көкшетауда көлік полицейлері есірткі курьерін ұстады

331 рет қаралды
gov.kz

Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сатуға қатысы бар 24 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Оның мессенджер арқылы ұсынысқа келісіп, қала аумағында психотроптық заттарды жасырып кету әдісімен тарату арқылы табыс табуды көздегені анықталды.

Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде заңсыз әрекет уақытылы анықталып, жолы кесілді. Күдіктіні ұстау барысында одан бөлшектеліп оралған ірі көлемдегі мефедрон тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот қаскүнемді 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

14 шілде, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.