Атырау, 6 желтоқсан 18:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Павлодар облысында прокурорлар инвесторға көпжылдық берешекті өндіріп алуға көмектесті

317 рет қаралды
Фото: freepik.com

Успен ауданының прокуратурасына КХ «Бик» сот шешімімен өндіріп алынуға тиіс 18 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның өтелмеуіне байланысты жүгінді.

Бұл қаржы сүт фермасын салу жөніндегі инвестициялық жоба аясында ірі қара мал сатып алу үшін қажет болған.

Инвестордың уәждерін зерделеп прокуратура сот актісінің орындалмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-бөлігі бойынша істі СДТБТ АЖ-не тіркеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берешек толық өтеліп, фермер инвестициялық жобасын жалғастырып, 20 жұмыс орнын ашты.

Бұл ауданның аграрлық секторын дамытуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосады.

14 шілде, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.