Атырау, 6 желтоқсан 18:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Бас прокуратура: Олеся Кексель қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды

392 рет қаралды

Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ресми хабарламаға сәйкес, 2025 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1) және 2) тармақтары бойынша («Азаптау») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Игоревна Кексельді күдікті ретінде таныды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Осыдан бұрын 3 шілдеде осы баппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталғаны хабарланды. 

14 шілде, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.