Атырау, 6 желтоқсан 18:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Антикордың бұрынғы басшысы екі айға қамауға алынды

353 рет қаралды
Сурет: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы төрағасы Талғат Татубаев екі айға қамауға алынды.

Бұл туралы KazTAG агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талғат Татубаевпен бірге дәл осындай мерзімге Бауыржан Мұжықов та қамауға алынды. Ол бұған дейін резонанстық "Қорғас ісі" бойынша жұмыс істеген тергеуші.

Қамауға алу туралы ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Еске салсақ, 4 шілдеде Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды. Дереккөздердің хабарлауынша, Талғат Татубаев азаптау әрекеттерін қолданды деген күдікке ілінген. Қылмыстық істі Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық тергеу тобы тергеп жатыр.

14 шілде, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.