
Биткоин құны алғаш рет тарихта 120 мың доллардан асып, абсолюттік максимумды жаңартты.
Бұл туралы Binance ірі криптовалюта биржасының деректері куәландырады.
Астана уақыты бойынша 09:41-дегі сауда деректеріне сәйкес, биткоин бағамы 120 000 долларға (+1,87%) жетті. Төрт минуттан кейін, 09:45-те криптовалюта өсуін жалғастырып, 121 000 доллар белгісінен өтіп, бағасы 121 014,73 долларды (+2,82%) құрады.
Еске салсақ, 11 шілдеде биткоин бір жарым ай бойы болған 100-110 мың долларлық ұзақ жолдан шығып, 116 526 долларға дейін көтеріліп, сол кездегі рекордын жаңартқан болатын. Бұған дейін максимум 2025 жылдың 22 мамырында 111 980 доллар болып тіркелген еді.
Биткоин — блокчейн технологиясы негізінде жұмыс істейтін орталықтандырылмаған сандық валюта. Әрбір пайдаланушы жүйеде жаңа блоктар құру арқылы криптовалютаның жаңа бірліктерін өндіре (эмиссиялай) алады.
В Атырау -1