Атырау, 6 желтоқсан 18:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» конкурсында бас жүлде иеленді

260 рет қаралды
Сурет: Белта

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева Беларусь елінің Витебск қаласында өткен XXXIV «Славян базары» халықаралық эстрадалық ән байқауында топ жарып, Гран-при жүлдесін иеленді, деп хабарлайды "Белта. 

Алмагүл Батталиева бұл байқауға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол осы Гран-при үшін сегіз жыл бойы ұлттық іріктеулерге қатысып, тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған. Бұл жеңіс – оның еңбегінің жемісі. Қазақстандық әнші бұл байқауды өзі үшін шығармашылық шабыт беретін оқиға деп бағалады.

Алмагүл Батталиева бұл жетістікке сену қиын екенін, бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет екенін айтты. 

"Осы мүсіншені Қазақстанға алып кететініме қуаныштымын. Бұл жолда сегіз жыл тер төктім, көптеген ұлттық іріктеулерден өттім. Бізде мықты әншілер көп, сондықтан бәсекелестік жоғары", – деді ол.

Сондай-ақ, Алмагүл байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, шығармашылық атмосферасының ерекше екенін атап өтті. "Беларусь көрермендері өте белсенді, зал лық толы, көрермендер тік тұрып қол соғады. Мұндай қолдау шабыт береді", – деді ол.

Алмагүл 1999 жвлв 8 қазанда дүниеге келген. Чайковский атындағы музыка колледжін бітірген, кейін Жүргенов атындағы өнер Академиясында оқыды. Вокалға дейін фортепиано мен аккордеонды меңгеріп, 2021 жылы SEN BAND қатарына қосылды. SAPPHIRE лақап атымен авторлық тректерін орындап жүрді. Ол Тұңғыш президент қорының стипендиаты және Күләш Бәйтейітова атындағы сыйлықтың лауреаты. 

14 шілде, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.