Атырау, 6 желтоқсан 18:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

263 рет қаралды
Сурет: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғанын хабарлады. 

Ұйымдастырушылар өздерін «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.

Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасыа жатыр.

14 шілде, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.