Атырау, 6 желтоқсан 18:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды

210 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.

«1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

14 шілде, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.