Атырау, 6 желтоқсан 18:52
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Туризмді дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес электр пойызында өтті​

677 рет қаралды
Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Жаңа буындағы «Burabay Express» электр пойызының іске қосылуына орай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов туристік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі.

Іс-шара Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша жүретін пойыз бортында өтті. Кеңеске Көлік министрлігі, «KazakhTourism» АҚ және Туризм комитетінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында курорттық аймақтармен (Алакөл, Бурабай, Балқаш) теміржол қатынасын дамыту, вокзалдарды жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жолаушыларды тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, балаларға арналған жеңілдікпен жол жүру мүмкіндіктері отбасылық туризмді дамытуға жақсы алғышарттар жасайтыны атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы жолаушылар пойыздарының басымды қозғалысын қамтамасыз етуді, кестеден ауытқуды жедел әрекет ету арқылы азайтуды, сондай-ақ туристік бағыттарды дамыту мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді тапсырды.

Ел аумағындағы 125 вокзалдың жөндеу жұмыстарының барысы да жеке қаралды. Жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Вокзалдан бастап межелі жерге жеткенге дейінгі сапардың барлық кезеңінде қызмет көрсету деңгейін арттыру – «ҚТЖ» үшін басты басымдық болып қала береді. «Burabay Express» жаңа буындағы пойыздарының іске қосылуы – ішкі туризмді дамыту және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі Компания стратегиясының бір бөлігі.

11 шілде, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.