
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялаған «Қазақстанда, Моңғолияда және Өзбекстанда тұрақты инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бизнесті жауапты жүргізу» атты жаңа есепте Қазақстан БЖЖ қағидаттарын институционализациялау мен әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіне жүйелі енгізу бойынша аймақтық көшбасшы ретінде ерекшеленеді.
Есепте Қазақстанның еңбекті қорғау, экологиялық жаңғырту, декарбонизация және адами капиталды дамыту бағыттарындағы прогрестері және шағын әрі орта бизнесті қолдауға бағытталған үкіметтік шаралары жоғары бағаланған.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ESG принциптерін ендіру мен орнықты даму саясаты аймақтық үлгі ретінде ұсынылып, мемлекеттік секторда кеңінен тарату ұсынылады.
ЭЫДҰ Қазақстанға алдағы уақытта экологиялық стандарттарды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру және орнықты қаржыландыруды дамыту жөнінде ұсыныстар берді.
В Атырау -1