Атырау, 6 желтоқсан 18:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"Қаржы орталығы" АҚ басшысы тағайындалды

529 рет қаралды
Шолпан Утельбаева (ортада) әріптестерімен бірге

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы болып Утельбаева Шолпан Ануарбекқызы сайланды, деп хабарлайды қоғамның баспасөз қызметі. 

Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында және Пенсильвания университетінде (АҚШ) оқыды.

Шолпан Ануарбекқызы еңбек жолын Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде бөлім бастығы болып бастады (2004-2009 жылдар).

2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Инвестициялық жобалар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2010-2017 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2019 жылдары – «Қаржы орталығы» АҚ вице-президенті.

2021 жылы – «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы» РМК вице-президенті.

2022 жылдың тамызынан 2024 жылдың тамызына дейін – «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті

"Қаржы орталығы" ММ қызметі негізінен студенттерге жоғары білім алуы үшін мақсатты мемлекеттік кредиттеуді көздейтін мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді беру деп көзделген.

11 шілде, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.