Атырау, 15 қаңтар 01:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Астанада Министрлік үйіне шабуыл жасалды

Бейнежазба
581 рет қаралды
Astanovka98 жариялаған видеодан скриншот

10 шілде күні таңертең сағат 8:00 шамасында Астанадағы Министрлік үйінің №11 кіреберісінде өрт шықты, деп хабарлайды Astanovka98 Telegram-арнасы.

Елордалық Полиция департаментінің хабарлауынша, белгісіз ер адам Білім министрлігі ғимаратындағы турникетке жанғыш қоспадан жасалған зат лақтырған.

Өрт туралы дабыл қағылды. Оқиға орнына жеткен ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында 2 шаршы метр аумақтағы өрт тез арада сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Күдікті – 24 жастағы ер адам оқиға орнында ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның бұл әрекетке бару себептері мен күзетілетін ғимаратқа қалай кіргені анықталып жатыр.


10 шілде 2025, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.