
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Рсулан Желдібай хабарлады.
Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды.
Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіні қазақстандықтардың Алакөл, Балқаш, Бурабай және т.б. көлдердегі демалысы туралы жағымсыз пікірлері жаулап алды. Тұрғындар мен қонақтар қонақжайдың қымбаттығына, тамақ, сервис, тұрақпен байланысты проблемаларға, антисанитарияға, отынның тапшылығына шағымданады.
8 шілдеде ҚР ІІМ Алакөл және Балқаш көлдеріне демалушылардың легі көбеюіне байланысты жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады.
В Атырау -1