
Биыл 10 тамызынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды, деп хабарлайды ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті нің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.
Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.
"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.
В Атырау -1