Атырау, 6 желтоқсан 21:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Перизат Қайрат ісі бойынша Астанада сот басталды

461 рет қаралды
Сурет: Instagram / pk01

Астанада Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі басталды, деп жазады Аrasha.kz

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр.

Айыпталушылар бұқаралық ақпарат құралдарының сот отырысына қатысуына қарсы шықты. Сондай-ақ олар сот процесін фото және видеоға түсіруден бас тартты.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қараша айында Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеуді бастады. Ол су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. 

Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын сомасы — 3,5 миллиард теңге.

9 шілде, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.