Атырау, 6 желтоқсан 21:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатынан зардап шекті

357 рет қаралды
Сурет: PRO КАДРЫ KZ

8 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев аймақ трассаларының бірінде жол-көлік оқиғасына түсті, деп хабарлайды PRO КАДРЫ KZ Telegram-арнасы.

Апат салдарынан шенеунік көптеген жарақат алып, ауыр халде Алматы облыстық көпбейінді клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Ресми ақпарат бойынша Әсет Масабаевқа қосарланған жарақат, бас миының шайқалған, кеуде жарақаты, қабырғасы сынып, көгерген деген диагнозы қойылған. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр, оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Жол апатының себебі анықталып жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы және ЖКО-ға қатысушылар туралы ақпарат әзірге жария етілмейді.

9 шілде, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.