
Қазақстанда 2025 жылдың төртінші тоқсанында коммуналдық қызметтердің тарифтері қымбаттамайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
Комитет мәліметінше, Үкімет реттелетін тарифтердің өсу қарқынын қайта қарап, бұрын жоспарланған өсімдердің бір бөлігін кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде IV тоқсанда коммуналдық қызметтерге жаңа тарифтік өсімдер бекітілмейді.
Сонымен қатар, кейбір қызмет түрлері бойынша тарифтердің өсу қарқыны төмендейді:
- Электр және жылумен жабдықтау – бұрын жоспарланған 35%-дың орнына 20%-ға дейін;
- Сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау – 50%-дан 30%-ға дейін төмендетіледі.
Мұндай шешім халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, инфляциялық қысымды тежеу мақсатында қабылданып отыр. Комитет тариф саясаты ашық әрі негізделген болуы үшін бақылау шараларын жалғастыратынын атап өтті.
В Атырау -1