Атырау, 6 желтоқсан 21:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Дәрі таңбалау жүйесі: бір жылдық нәтиже

276 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылдың шілде айында Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде цифрлық таңбалау жүйесі енгізілгеніне бір жыл толды.

Осы аралықта елде 417 миллионға жуық дәрі қаптамасы таңбаланды. Оның ішінде 252 миллионнан астамы импорттық препарат болса, 165 миллионнан астамы отандық өнім. 

Қазір нарықтағы дәрі-дәрмектердің 60%-дан астамында Data Matrix коды бар, ол әрбір дәрінің түпнұсқалығын растайды және жалған өнімнің нарыққа түсуіне жол бермейді. 

Таңбалау жүйесі қосарланған есепке алуды, заңсыз әкелуді жоюға мүмкіндік беріп, дәрілердің қалдықтарын нақты уақыт режимінде бақылауға жағдай жасайды. Бұл әдіс логистикалық және әкімшілік қателіктерді азайтып, дәрі-дәрмек сапасы мен қауіпсіздігін арттырды. 

Қазақстанда "Tañba" жүйесінде 19 отандық және 120-дан астам шетелдік өндіруші, 300-ден астам импорттаушы мен дистрибьютор, 3500-ден аса медициналық ұйым және 4500-ден астам дәріхана тіркелген. 

Әрбір қазақстандық Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы дәрі-дәрмектің Data Matrix кодын сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексере алады. Егер 2024 жылдың 1 шілдесінен кейін өндірілген препарат таңбаланбаған немесе код оқылмаса, қосымша арқылы шағым қалдыруға болады. 

9 шілде, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.