Атырау, 6 желтоқсан 21:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Баспанасыз 13 жыл: Ақмола облысында прокуратура жетім балалардың құқығы бұзылғанын анықтады

208 рет қаралды

Бұланды ауданы прокуратурасының шараларымен жетім балалардың тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында Макинск қаласында 13 жыл бойы тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған ағайынды Вездецкийлер тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы бола тұра баспана алу кезегінен заңсыз шығарылды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аталған тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған. 

Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, ағайынды жетім балалар көптен күткен баспаналарына ие болды.

9 шілде, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.