Атырау, 6 желтоқсан 21:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында анықталды

217 рет қаралды

Пауэрлифтингтен Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері, 19 жастағы Сергей Веселов Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды "За нами уже выехали" Telegram-арнасы.

Спортшының әкесінің айтуынша, Сергей 19 маусымда Астанадан Стамбулға ұшып, кейін Мединаға кеткен. Оның Сауд Арабиясына не үшін барғаны туыстарына белгісіз. Ұшып кеткеннен кейін бір аптадан соң ол байланысқа шықпай қалып, іздеу жұмыстары басталды.

«Біз оның тірі екенін, бірақ тергеуде екенін анықтадық. Бізге қай баппен және қай учаскеде екенін айтпайды. Консул уақыт керек дейді», - деді әкесі.

ҚР СІМ спортшының қамауға алынғанан растады:

«Қазақстан азаматы Сауд Арабиясының құқық қорғау органдарымен ұсталды, қазір Мединада. Әзірге айып тағылған жоқ, мән-жайды анықтап жатырмыз».

Қазір отбасы Сергейдің шетелдегі құқығын қорғау үшін адвокат пен аудармашыға ақша жинап жатыр.

Веселов - Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері.

9 шілде, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.