Атырау, 6 желтоқсан 21:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адамды күйік шалды

295 рет қаралды
Сурет: Түркістан облысы ТЖД

7 шілдеде Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, 1 адамды күйік шалды. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр, өмір үшін күресіп жатыр дейді. Жанар-жағармай бекетімен бірге жанындағы тұрғын үй мен сауда үйін және дәріхананы шарпыған өртті сөндіруге 2 сағаттан артық уақыт кеткен, деп жазады Otyrar.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, өрт жанар-жағармай бекеті ауласында жанармай тасымалдайтын көліктен бензин құю кезінде шыққан. «Бензавоздан бензин құю кезінде газды ауа қоспасының жарқылы орын алып қасында орналасқан жеке тұрғын үймен екі қоғамдық ғимаратқа ұласқан. 

Өрттің жалпы ауданы 855 шаршы метр. Өртті сөндіруге 2 сағаттан артық уақыт кеткен.

Өрт кезінде 29 жастағы жанармай тасушы көліктің жүргізушісін күйік шалды. Қазығұрт аудандық ауруханасында ем алып жатқан оның жағдайын дәрігерлер ауыр дейді. Науқас шұғыл түрде жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Алғашқы диагноз: жалыннан болған IIIА–IIIБ дәрежелі термиялық күйік, дене бетінің 85–90 пайызын қамтыған, деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі мен зерттеу өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеген. Өртті сөндіруге облыс және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қырықтан аса қызметкері тартылған. 

9 шілде, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.