
Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 АЕК, яғни 3,9 млн теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы қарастырылған.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
- 1-кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-25 шілде);
- 2-кезең – облыстық деңгей (28 шілде- 15 тамыз);
- 3-кезең – республикалық деңгей (18 тамыз – 18 қыркүйек).
Жарысқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады.
Байқау аясында ескерілетін талаптар:
- білім саласын дамытуға қосқан үлесі,
- ұстаз қызметінің тиімділігі,
- кәсіби шеберлігі .
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді.
2012 жылдан осы уақытқа дейін 700-ге жуық қсьаз осы атақты иеленген. Ал биыл жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар қомақты сыйақы да алады.
Байқауға қатысу туралы қосымша ақпаратпен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің сайтынан танысуға болады.
В Атырау -1