Атырау, 6 желтоқсан 21:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Каспий теңізінің жағалауында балық неден қырылды?

361 рет қаралды

7 шілдеде әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында Манғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Баутин және Аташ елді мекендерінің маңында Каспий теңізінің жағасында ақбалық (кефаль), табан, майшабақ, қаракөз балықтарының өлген шабақтары табылған бейнежазба анықталды.

Аталған мәлімет бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен жауапты орган мамандары, жергілікті экология департаментінің қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізді.

- Зерттеу барысында Балық шабақтары жағаға солтүстік батыстан соққан қатты желдің салдарынан шығып қалғаны анықталды. Жергілікті экология департаментінің мамандары теңізден балықтардың қырылу себебін анықтау мақсатында су сынамаларын алды. Алайда, балық шабақтарының қатты ыдырап кетуіне байланысты, олардың сынамаларын алу мүмкін болмады. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы орган тарапынан табылған балық шабақтарын жинау, оларды санитарлық нормаларды сақтай отырып жою жұмыстары жүргізілуде, - делінген Балық шаруашылығы комитеті таратқан хабарламада.

Жауапты орган жағалаудан ақбалық, қаракөз, майшабақ сындық 40-қа жуық балық табылғанын, олардың қырылуына күннің күрт ысып кетуі және судағы оттегі мөлшерінің азайып кетуі себеп болғанын айтып отыр.

Қазір Каспий теңізінің жағалауын мониторингі жалғасуда. Жағдай Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.

8 шілде, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.