Атырау, 6 желтоқсан 21:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Бір тәулікте екі оқыс оқиға: ҚТЖ сақ болуды ескертеді

340 рет қаралды

Қазақстандағы теміржолда 6 және 7 шілде күндері  екі оқыс оқиға болды. 

6 шілде, сағат 10: 47-де Арыс-Түлкібас учаскесінің күзетілетін темір жол өткелінде жүк пойызының машинисі кенеттен өткелге шығып кеткен жеңіл автокөлікпен соқтығысудың алдын алды. Инцидент пойыздың қозғалыс кестесіне әсер етті. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. 

7 шілде, сағат 21:09-да Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында жолаушылар пойызының машинисі жолға бөгде адамның шығуына байланысты шұғыл тежегішті қолданды.  Қолға алған шараларға қарамастан адамды қағып кетпеу мүмкін болмады.  Жапа шегушінің аяғы сынып, ол Қарағанды-Сұрыптау станциясының жедел жәрдем бригадасына табыс етілген. Жедел деректерге сүйенсек, әйел адам мас күйде болған. Пойыздың кідіруі 18 минутты құраған. 

“ҚТЖ”ҰК”АҚ азаматтарды теміржол жолынан өту ережесін қатаң сақтауға және қауіпті аймақта қырағы болуға шақырады.

8 шілде, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.