Атырау, 7 желтоқсан 09:04
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа жобаларды атады

325 рет қаралды

2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады. 

Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Атап айтқанда, ірі қара мал басы 23,4%-ға артты, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өсуі байқалды.

Шаруалар үшін жаңа жеңілдік несие

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда. 

Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым қаражатымен қамтамасыз етуге арналған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайды.

Бірінші бағдарлама ірі қара мен ұсақ малдың асыл тұқымды мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлуді көздейді. Шаруалар жылдық 5%-бен “ұзақмерзімді” несие ала алады. Тағы 50 млрд теңге ағымдағы қаржыландыру тетіктеріне ұқсас, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын айналым қаражатын кредиттеуге бағытталатын болады.

Қазақстан ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
 
Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт-тауар фермаларына етті мал шаруашылығы саласына жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Ведомство басшысы Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бағдарламаның әлеуетті қатысушылары етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибені енгізу бойынша жобалар болуы мүмкін, олар жылдық түсімі 500 млрд теңгеге жуық 50 мың тоннаға дейін ет экспортын қамтамасыз етеді. 14 жобаны іске асыру үшін 29,3 млрд теңге қарастырылған.

Сүт фермаларына жеңілдікпен кредит беру жылдық 2,5%-бен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Бағдарлама аясында 116 сүт-тауарлы ферманы салу жоспарланған. Оның 69-ы қолданысқа енгізілді,тағы 47-сі іске асыру сатысында.

Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
 
Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу белсенді дамып келеді:

  • Ақтөбе облысындағы «КАФЕЛТЕК» ЖШС жүннен жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын жүзеге асыруда, 
  • Алматы қаласында «Iskefe Holding» ЖШС ауыл шаруашылығы жануарларының терісінен желатин өндіру жобасын іске асыруда. 

ҚР сауда және интеграция министрлігінің тері мен жүнге экспорттық кедендік баждарды алып тастауы жөніндегі ережелерді қабылдауы маңызды қадам болды. Бұл өнімді сатып алу және экспорттау бойынша 15 кәсіпорынның жұмысын жандандырды.

Қазақстан бірқатар жануарлар аурулары бойынша қолайлы ел мәртебесін қалпына келтірді
 
Қазақстан аусыл, құс тұмауы, шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы және жылқының африкалық обасы бойынша қолайлы ел мәртебесін қалпына келтіруге және тануға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымымен (ДДСҰ) табысты жұмыс жүргізді.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер берді. 

ЕО елдерінің тізілімінде бүгінде 62 қазақстандық кәсіпорын, ҚХР – да – 2649 кәсіпорын тіркелген.

8 шілде, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.