Атырау, 7 желтоқсан 09:08
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Соққыға жықты деп күдіктелген қазақстандық 12 жылдан кейін Дубайдан қайтарылды​

377 рет қаралды
ҚР Бас прокуратурасының видеосынан жасалған скриншот

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 12 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні қайтарды.

Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, екі жерінен жақ сүйегін сындырды деген күдікке ілінді. 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

8 шілде, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.