
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Жайыққа секіріп кеткен әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы өңірдің ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 6 шілдеде өзен бойын жоспарлы патрульдеген кезде болған. ТЖД қызметкері капитан Ернұр Клауов қаладағы Жилгородок көпірінен бір әйел Жайық өзеніне секіріп кеткенін байқап қалып, дереу құтқару қызметіне хабар береді.
Жағада жүрген екі азамат әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, суға секіріп, оны құтқаруға ұмтылған. Олар оны су бетінде ұстап тұрды.
Осы сәтте кезекті рейдте жүрген Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Арман Бахытжанұлы мен Әсет Имашев жедел әрекет етіп, әйелді және көмекке ұмтылған екі азаматты жағаға алып шықты.
Құтқарылған әйеклдің жағдайы бірқалыпты, медицина көмегі қажет болмады.
В Атырау +1