
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатын жариялады.
Хатта Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабарлаған.
Трамп бұл шешімді АҚШ-тың Қазақстанмен арасындағы "ұзаққа созылған және айтарлықтай сауда тапшылығын" түзету үшін "қажетті" деп атайды және Астананың жауабына байланысты мөлшерлеме "жоғары немесе төмен" өзгертілуі мүмкін екенін баса айтты. Балама ретінде американдық көшбасшы қазақстандық компанияларға өндірісті АҚШ аумағында орналастыруды ұсынады - бұл жағдайда тариф болмайды.
Осындай мәтіндегі хатты АҚШ президенті Малайзия (25 пайыз), Лаос (40 пайыз), Оңтүстік Африка (30 пайыз), Мьянма (40 пайыз), Жапония (25 пайыз) және Оңтүстік Кореяға (25 пайыз) жолдаған.
В Атырау +1 
