
БЗЖҚ мәліметі бойынша 2025 жылғы 1 шілдеге дейін 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды.
Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш:
- 9,00 млн АҚШ доллары - жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға;
- 66,52 мың АҚШ доллары - ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге,
- 49,84 мың АҚШ доллары - меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу).
Білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды:
- 5,04 млн АҚШ доллары - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында оқуға,
- 454,21 мың АҚШ доллары - білім беруге жинақтау салымын толықтыруға,
- 131,38 мыңнан астам АҚШ доллары - шетелдік білім алуға.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді.
2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табыс есептелді.
Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы болашақ ұрпаққа қолдау көрсетіп, тұрғын үй сатып алудан бастап сапалы білім алуға дейінгі маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі.
В Атырау +1