Атырау, 7 желтоқсан 09:04
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда гипоаллергенді сүт өндірісі басталады

380 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Павлодар облысында бета-казеиннің A1 ақуызы жоқ, гипоаллергенді A2 сүтін өндіретін жаңа өндірістік желі ашылады. Бұл Қазақстандағы алғашқы осындай масштабтағы жоба.

«Молком-Павлодар» компаниясы құрастыратын өндіріс дәстүрлі сиыр сүтіне сезімталдық танытатын адамдар үшін арнайы жасалған, жеңіл сіңірілетін және қауіпсіз өнім шығаруға бағытталған. Жобаның негізі – A2A2 генотипімен расталған асыл тұқымды ірі қара малдың елімізге әкелінуі.

Компания басшысы Вячеслав Руфтың айтуынша, A2 сүті әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Жаңа Зеландия, Жапония, БАӘ, Франция мен Германияда кеңінен қолданылады және жоғары сұранысқа ие. Ал Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл өнім әлі кең таралмаған.

A2 сүтінің ерекшелігі – оның құрамында адамдарға кейде ауырлық тудыратын A1 ақуызы болмайды. Сондықтан бұл сүт аллергия немесе ас қорыту мәселелері бар тұтынушыларға қолайлы.

Жаңа өндіріс желісінің іске қосылуы Қазақстанда гипоаллергенді сүт өнімдерін өндіруді дамытуға жол ашып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізеді.

3 шілде, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.