Атырау, 26 желтоқсан 19:13
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жаналғыш жолдар

5 850 просмотра

Жантүршігерлік сандар: жыл басынан бері Атырау облысында жол көлік оқиғаларынан 70 адам қаза болып, 300 адамнан аса жарақаттанған. Осы мәселе облыстық прокуратураның үйлестіру кеңесінде талқыланды.

 

 

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВТЫҢ айтуынша, кісі өліміне әкеліп соқтыратын қайғылы көлік апаттары көбіне республикалық мәндегі тас жолдарда болған екен. Облыс аумағында жолдардың ұзындығы 3 572,8 шақырымды құрайды, олардың 1 762 шақырымы – жергілікті, ал 990 шақырымы – республикалық мәндегі жолдар. Республикалық мәндегі жолдар сонау кеңес дәуірінде ескі жүктемелер нормативімен салынған. Жыл басынан бері ең көп ЖКО 25 жылдан бері күрделі жөндеу жасалмаған «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолында болған, апаттар көпшілігінің себептері осы жол жабындысының нашарлығынан болып отыр.

- Мен жақында Құрманғазыға қарай жолға шыққанмын, бұл жол емес, масқара ғой. Жақын жолды 4 сағатта әрең жүріп өттік, түнде бұл жерлермен жүру мүлдем мүмкін емес, - деп атап өтті облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.

Сонымен қатар, прокуратура жол полициясы қызметкерлерінің әкімшілік заңнамаларды орындауда бірқатар бұзушылықтарға жол бергенін де айтты. Өткен жылы облыс соттары құқық бұзушылық құрамының анықталмауына байланысты жол полициясының әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 107 қаулысының күшін жойды, 53 дұрыс ресімделмеген іс кері қайтарылып, жол полиция-сының 24 инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ОРЫН БЕР

ЖКО-лардың жартысына жуығы жүргіншілерді қағып кетумен байланысты, бұлар қаза болғандардың төрттен бірін құрайды. Бұл жаңалық емес, өйткені тұрғын үй массивтерінде, мектептер маңында және басқа да жерлерге жол салғанда тротуарлар есепке алынбайды. Нәтижесінде жүргіншілер көшенің көлік жүретін жолы бойымен жүруге мәжбүр болады. ТКШ деректеріне сәйкес, жүргіншілер тротуарын салу бойынша жұмыстарға 2013 жылға бюджет қарастырылмаған. Уәлиханов, Амандосов, Сатыбалдиев, Еркінов, Баймұханов, Берғалиев, Датов, Худин, Шарипов, Әліпов, Аманшин, Малин және басқа да көшелерде тротуарлар жоқ. Жол айрықтары тек орталық көшелерде ғана жүргізіледі, қала шеттерінде жолақтар мүлдем жоқ. Жол полициясы тексерулер нәтижелері бойынша жол белгілерін қалпына келтіру және ауыстыру, тротуарлар салу туралы ТКШ-ға үнемі нұсқамалар жіберіп отырады, алайда еш нәтиже жоқ. Жол қиылыстарында «Жол беріңіз» белгісінің жоқтығы жүргізушілерді шатастырып, бұл жарты жылда 13 ЖКО-ға әкеп соқтырды. Қазіргі уақытта Жұмыскер, Жұмыскер-2, Геолог-2, Балықшы, Құрсай, Томарлы, Нұрсая, СМП және басқа да елді мекендерде 1200 жол белгілерін орнату керек.

2009 жылы тамызда Атырауда 7 жылдамдық өлшегіш қолданысқа енгізілді. Екі жылдан кейін олар бұзылып қалып, өткен жылдың аяғында ғана жөнделді. Геолог пен Жұмыскердегі жылдамдық өлшегіштер бір айдан кейін кері істен шықты, сондай-ақ, «Тамаша» ойын-сауық орталығы маңындағы тағы бір аспап техникалық жағдайларға байланысты тұрақсыз жұмыс жасап тұр. Аспаптарға қызмет көрсету шарттары басқа қаладан келетін мамандармен жасалғандықтан, жөндеу ұзаққа созылады.

 

ЖАУАПСЫЗДЫҚ ШЕҢБЕРІ

ІІД ЖПБ бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жарты жылда 30 мыңнан аса жол қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды, солардың 1343-і мас күйінде көлік жүргізу, 3897-і жылдамдық режимін бұзу, 208-і қарсы бағытты жолға шығу, 628-і бағдаршамның тыйым салу белгісінде қозғалу және т.б. 2644 жүргізуші жүргізуші куәлігінсіз жүрген. 26 813 адамға жалпы сомасы 258 млн теңге айыппұл салынса, 1782 адам жүргізуші куәліктерінен айырылды.

Бюджеттен Атырау қаласы үшін 1900 жол белгілерін алуға қаражат бөлінді. Мектептер, балабақшалар маңына және адамдар көп жүретін көшелерге салу үшін 1200 метр жасанды кедергілер алуды қаржыландыру мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, жақын арада С. Датов – Элеваторная, Атырау - Әуежай – Жеті қазына және Сәтпаев – Владимирский көшелерінің қиылысына 3 бағдаршам орнатылады деп күтілуде. Тағы да 15 бағдаршам жыл аяғына дейін қондырылады.

Біздің өңірімізде ең қауіпті учаскелер «Атырау-Орал» және «Атырау-Астрахан» тас жолдары болып табылады. ЖКО болған орындарды зерделеп, жолшылар осы жолдар бойына жылдамдықты шектеу белгілерін орнатты, 8 қосымша патруль маршруттары қойылды. Жол полицияларының пікірінше, жолдағы апаттар мен кісі өлімінің себептері өте көп. Алғашқы кезекте бұл тәртіптің жоқтығынан: жүргізушілер жылдамдық режимін бұзады, жүргіншілер қалаған жерлерінен жолды кесіп өтеді. Медицина қызметкерлері, кей жағдайларда, әсіресе республикалық тас жолдардың алыс учаскелерінде, зардап шегушілерге уақытылы және толық көлемде медициналық көмек көрсете бермейді. Қала сыртындағы трассаларда қараусыз жайылып жүрген мал жиі апатқа себепші болады. Ең бастысы, жол қозғалысын ұйымдастыру заманауи талаптарға сай емес. Соңғы он жылда облыстағы автокөлік саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін 2 есе артты, алайда көше-жол желілерін дамыту автопарк өсімінің қарқынынан қалып қойып отыр. Үлкен жолдардың өлшемдері өскен қозғалыс қарқынына сәйкес келмейді, бұл да ауыр зардаптары бар ЖКО-ға себепші болады.

Жол полициясы әлемдік тәжіри-бені қолдануды ұсынады: жанжалды жүргіншілер және көлік ағындарын уақыттар мен кеңістіктер бойынша бөлу. Яғни, жер асты және жер үсті өткелдерін, кедергі және бағыттау қоршауларын салу, белгілі уақытта адамдардың жиналу қарқындылығына байланысты қозғалыс жылдамдығын шектеу шараларын қолға алу.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

 

 
29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.