Атырау, 26 желтоқсан 19:09
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жас өрен, кімге керексің?

3 854 просмотра

«Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалында жастарды жұмысқа орналастыру туралы өзекті мәселені талқыға салды.

 

ТЕҢІЗ 18 МЫҢДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Көпшіліктің жұмысқа орналасқысы келетін шетелдік компаниялар дайын мамандарды іздейді. Мәселен, АМӨЗ-дегі хош иісті көмірсутек кешені құрылысының бас мердігері «Синопек Инжиниринг» қытай компаниясы жұмыспен қамту органдарына тапсырыс берген кезде жоғары білікті мамандар ұсынуын сұрайды (айтпақшы, Теңіз бен Қашағандағыдан бірнеше есе аз жалақы ұсынады).

Сонда шеңбердің тұйықтал-ғаны ма: жастар қытайлардың талабына сай емес, ал тәжірибе-лі қазақстандық кадрлар «Синопекте» жұмыс жасағылары келмейді. Қалай дегенде де, «Синопек» кешен құрылысының мерзімін бұзды және оның бір себебін қазақстандық тараптың кадрлар бойынша қатаң талаптарынан деп көреді.

- Олар үш қазақты алғанша, бір қытайлықты алғанымыз жақсы дейді. Алайда олар біздің еліміздің тапсырысы бойынша жұмыс жасап, осы жерде табыс тауып отырғандықтан, жергілікті кадрларды оқытып, жұмысқа орналастыруға міндетті, - деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес ҚОСЫБАЕВ. Оны политехникалық колледждің өндірістік тәжірибе бойынша директордың орынбасары Зарипа АҚМЫРЗА да қолдады: оның айтуы бойынша, колледж түлектерінің көпшілігі мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлнәр ҚҰСПАНОВА облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасын шетелдік компанияларға жұмыс рұқсатын берерде жергілікті жоғары және арнайы орта оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыруды қарастыратын қосымша маңызды талаптар қоюды сұрады. Ұсыныс хаттамаға енгізілді.

Қазір өңір кезекті ірі жобаға деген үмітпен өмір сүріп келеді. Бұл жолы – Теңіздегі Болашақ Кеңею жобасына. Облыстық жұмыспен қамту басқармасының өкілі - Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Дина ӘБІШЕВА мәлімдегендей, жобаның тапсырыс берушісі – «ТШО» ЖШС – 18 мың адамға ұсыныс берген. Және жергілікті нарықта бұл мамандар жеткілікті.

Дегенмен, бұл мәжілісте айтылған жалғыз позитив болды. Ал шын мәнінде, кәсіптік колледждер түлектерінің тек 40 пайызы ғана мамандықтары бойынша жұмыс жасауда. Қалғандары қызмет өтілдерін дипломда көрсетілгеннен біршама төмен позициядан бастауға мәжбүр. Әбішеваның айтуынша, бұл мәселе жақында еңбек министрлігінде өткен мәжілісте талқыға салынған болатын және біздің орта оқу орындарындағы талаптар жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Яғни, арнайы оқу орындары нарықта сұранысқа ие болмайтын кадрларды дайындайды.

 

ЖҮЗ СҰРАҚҚА ҮШ ЖАУАП

Г.Құспанованың айтуынша, жұмыссыздардың көпшілігі қалалық жұмыспен қамту орталығынан өтеді:

- Біз былтыр 700 адамды жұмысқа орналастырсақ, биыл 600 адамды қамтыдық және мен колледж түлектері білімдерінің төмендігі жөнінде жақсы білемін. ЖШС мен шетелдік компаниялар оларға қызмет өтілі маңызды  емес, жұмыс іздеушінің тест тапсырмаларынан жақсы өтулері қажет дейді. Соңында маған түлектердің 100 сұрақтың тек 3-іне ғана дұрыс жауап берген нәтижелерін көрсетіп жатады.

Тағы бір мәселе: жастардың көпшілігі іс-тәжірибеден өту үшін кіретін мемлекеттік органдар оларды пайдаланып, келісімшартта көрсетілген 6 ай уақыт аяқталған бойда, жақсы жұмыс жасағанына қарамастан, далаға лақтырып тастайды. Ал жеке кәсіпорындар болса, өздерін жақсы қырынан көрсете білген жастарды өздерінде қалдырып жатады.

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі Құспанова аңғарған парадокс – пән мұғалімдері жетіспей жатқан ауыл мектептерінде вакансиялар жоқ. Оның айтуынша, кей жерлерде ағылшын тілін тіл курстарын бітірген зейнет жасындағы немесе зейнет жасына жақындаған мұғалім-филологтар береді, ал бұл кезде жоғары оқу орындары шет тілі факультеттерінің түлектері жұмысқа орналаса алмай жүр.

Ал оқу орындарына оқуға мүмкіндігі жоқ жастар мен өз күндерін өздері көріп жүрген студенттерге тіпті қиын. Жұмыс беруші органдар жіберген жастар үшін «Идеал» мен «Атаба» супермаркеттерінде ауыр жұмыс жағдайы қалыптасқаны туралы жағымсыз мысал келтірілді. Оларға тәулік бойына жұмыс жасатқан, ал ұрланған немесе мерзімі өткен тауар бағасын олардың онсыз да азғана ақшасынан ұстап отырған. Бұл жерде 50 мың үшін жұмыс жасауға келіспейтін жастардың кеудемсоқтығына бағытталған  кезекті наразылық шағымдар маңызды болмай қалды.

Қосыбаевтың айтуынша, барлық ескертулер мен ұсыныстар облыстық әкімдікке жіберілетін хаттамаға енгізілді. 

ЛаураСҮЛЕЙМЕНОВА

29 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.