Атырау, 5 желтоқсан 07:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарыдағы бала өлімі жарық мәселесін көрсетті

Бейнежазба
789 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

5 маусым күні кешке Құлсары қаласында 8 жасар қыз жоғалып кетті. Бүгін таңертең оның денесі Құрсай өзегінен табылғаны белгілі болды. Атырау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы туылған баланың жоғалғаны туралы хабарлама сағат 21:28 шамасында түскен.

– Белгілі болғандай, қыз түске таман үйінен шығып, содан бері оралмаған. Оның бағыты белгісіз болғандықтан, барлық бейнебақылау камералары тексерілді. Іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қосылды, - деп хабарлады ведомстводан.

Полицейлердің мәліметінше, 6 маусымға қараған түні сағат 02:19 шамасында баланың денесі су қоймасынан табылған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің ресми себебі әлі анықталған жоқ. Полиция адамдарды расталмаған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қайғылы оқиға аясында 5-ауыл мен «Достық» ықшамауданы аралығындағы аумақта жарықтың жоқтығы мәселесі тағы көтерілді – бұл жерді жергілікті тұрғындар Вахтовый кенті деп атайды. Белсенді Жанаргүл ШАРҒАБАЕВАНЫҢ айтуынша, қыз осы аумақта тұрған.

Маусымның 5-і күні кешке ол екі ықшамауданның арасы, соның ішінде көпір  маңы толық қараңғылық құшағында екенін айтқан видеоүндеу жазылған.

- Полиция баланы тек қолшаммен іздеп жатыр, - деді ол жергілікті билік өкілдерін шұғыл шара қолдануға шақырып.

Шарғабаева сондай-ақ бұл аудандағы иесіз қалған үйлер мен бұзылуға жататын ғимараттарды атап өтті. Оның айтуынша, олар әлі тазартылмаған әрі қауіпті.

Баланы іздеуге полиция ғана емес, жергілікті тұрғындар да атсалысты. Өкінішке орай, қыз өлі күйінде табылды.

Айнұр САПАРОВА

6 маусым, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.