Атырау, 5 желтоқсан 08:37
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Словакия Ресейге қарсы санкциялық саясаттан бас тартты

738 рет қаралды
Сурет: Claudia Greco / Reuters

Словакия Ұлттық кеңесі (парламенті) Ресейге қарсы санкциялық саясаттан бас тарту және елдің экономикалық әрі энергетикалық мүдделерін қорғау жөнінде арнайы қарарды мақұлдады. Бұл туралы Tvnoviny басылымы хабарлады, деп хабарлады Lenta.ru.

Қарарға сәйкес, енді Словакия үкіметінің мүшелері халықаралық ұйымдарда Ресейге қарсы жаңа шектеулерді қолдап дауыс бермеуі тиіс. Сонымен қатар, олар энергетикалық нарықты тұрақтандыру, баға құбылмалылығын азайту және Словакия экономикасының стратегиялық мүдделерін қорғау бағытында шаралар қабылдауға міндеттеледі.

Құжат мәтінінде:

«Словакия Республикасының Ұлттық кеңесі Ресей Федерациясына қатысты санкциялық саясат пен сауда шектеулері энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне, жеткізу тізбектерінің бұзылуына себеп болып, словакиялық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігіне зиян келтіруде», — деп жазылған.

Аталған қарарды 76 депутаттың 51-і қолдап дауыс берген.

Бұған дейін Словакия Парламентінің төраға орынбасары Андрей Данко президенттің Ресейге қарсы санкцияларды алып тастау жөніндегі референдум өткізуден бас тартқанына таңданысын білдірген еді. Президент Петер Пеллегрини бұл бастаманы петиция талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарған.

Өз кезегінде Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо референдум жарияланса, оны қолдайтынын айтқан. Сонымен бірге, ол Еуроодақтың Украинадағы қақтығысты реттеу аясында Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу жоспарын сынға алған.

5 маусым, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.