
4 маусымда Үндістанның Бангалор қаласында жергілікті "Роял Челленджерс" крикет командасының жеңісін атап өту кезінде адам көп жиналып, қайғылы жағдай орын алды. Стадион маңында басталған дүрлігістен 11 адам көз жұмып, кемінде 30 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Euronews.
Биліктің мәліметінше, 32 мың адамдық стадионға 200 мыңнан аса адам жиналған. Бұған дейін қала полициясы осындай оқиғаның болу қаупі туралы ескертіп, азаматтарды үйде қалуға шақырған еді. Алайда ескерту еленбей, халық жаппай алаңға ағылды.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда алаңда басталған дүрбелең мен полицияның тәртіп орнату әрекеттері көрініс тапты. Қаза болғандардың ішінде бала да бар, бірнеше адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бұл оқиғаға байланысты көңіл айтып, "жүректі езерлік қайғылы жағдай" деп баға берді.
В Атырау +4