Атырау, 26 желтоқсан 12:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Ресей Британ кеңесін елде қалаусыз ұйым деп таныды

599 рет қаралды
Сурет: Alexander Demianchuk / Reuters

5 маусымда Ресей Бас прокуратурасы Британ кеңесінің ел аумағындағы қызметін «қалаусыз ұйым» деп таныды, жеп хабарлайды Коммерсантъ

Британ кеңесі (British Council) 1934 жылы құрылған. Ұлыбританияда бұл ұйым қайырымдылық мекеме мәртебесіне ие және елдің Сыртқы істер министрлігіне бағынады. Оның басты міндеттері — білім, мәдениет және ғылым салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Қазіргі таңда ұйым әлемнің 110 елінде жұмыс істейді.

Мәскеудегі өкілдігі алғаш рет 1945–1947 жылдары және 1967 жылдан бастап жұмыс істеді. 1992 жылы Британ кеңесі Мәскеуде ақпарат орталығын ашып, ол 1994 жылы Ұлыбритания елшілігі жанындағы мәдени орталық мәртебесін алды. Кейінгі жылдары 16 өңірлік бөлімше құрылды. Кеңестің дерегінше, жыл сайын Ресейде олардың жобаларына шамамен 400 мың адам қатысқан.

Британ кеңесі Ресей мен Ұлыбритания арасындағы білім, өнер, ғылым және ақпарат салаларындағы әріптестік бағдарламаларын жүзеге асырып, ағылшын тілі курстарын ұйымдастырған.

2004 жылы Ресейдің ІІМ мен Салық қызметі кеңесті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және салықтан жалтарды деп айыптады. Алайда бұл айыптаулар бірнеше күннен кейін, G8 саммитінде Ресей президенті Владимир Путин мен Ұлыбритания премьері Тони Блэр кездескен соң алынып тасталды.

2007 жылдың желтоқсанында Ресей СІМ Британ кеңесінің өңірлік бөлімшелерін жабуды талап етті. Бұл — Лондоннан ресейлік дипломаттардың шығарылуына жауап ретінде қабылданған шара болды (Ұлыбритания Ресейден бұрынғы ФСБ қызметкері Александр Литвиненконы өлтіруге күдікті Андрей Луговойды беруді талап еткен).

2008 жылы кеңес Ресейдің аймақтарындағы жұмысын тоқтатты.

2018 жылы Скрипаль ісінен кейін Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлап, Британ кеңесінің Ресейдегі барлық жобалары мен қызметі толығымен тоқтатылды.

Британ кеңесі Ресейде білім және мәдениет салаларын дамытуда маңызды рөл атқарғанымен, саяси шиеленістер мен құқықтық мәртебесінің реттелмеуі салдарынан қызметін жалғастыра алмады.

5 маусым, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.