
1 шілдеден бастап ТШО компаниясының сатып алулар жөніндегі (Supply Chain Management) жаңа бас менеджері болып Нагендра Додапанени тағайындалады, деп хабарлайды Petrocouncil. ⠀
Нагендра Үндістандағы Джавахарлал Неру атындағы Технологиялық университетті (ақпараттық технологиялар), Миннесота университетінің магистратурасын (ақпараттық технологиялар), Солтүстік Каролина штаты университетінің MBA бағдарламасын және Батыс Аустралия университетін (коммерциялық және ресурстық құқық) тәмамдаған.
Ол Chevron жүйесінде 17 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын 2007 жылы қаржылық талдаушы ретінде бастаған. Әр жылдары жаһандық сатып алулар жөніндегі маман, бұрғылау саласындағы келісімшарттар бойынша кеңесші, сатып алулар бойынша категориялық менеджер (өндіріс пен нысандарды инженерлік қамтамасыз ету) қызметтерін атқарған.
2016 жылдан 2020 жылға дейін Анголада Chevron компаниясында стратегиялық сатып алулар және келісімшарттар жөніндегі менеджердің орынбасары әрі менеджері қызметін атқарды. ⠀
2020–2023 жылдар аралығында ТШО-да стратегиялық сатып алулар және келісімшарттар менеджері болды.
2023 жылдан бері Хьюстон қаласындағы Chevron-ның сатып алу категорияларын басқару бойынша озық тәжірибе орталығының менеджері қызметін атқарып келеді.
В Атырау +4