Атырау, 8 желтоқсан 04:32
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда Баймұханов көшесіндегі төрт ғимараттың иелеріне айыппұл салынды

Сурет
1 118 рет қаралды

Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба мен 47 тұрғынның шағымы негізінде тексеру жүргізді.

Тұрғындардың шағымы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде М. Баймұханов көшесіндегі 47/1, 47/2 және 47/4 мекенжайларында орналасқан «Nurai тәттілері», «Атауы жоқ», «Asahi food» және «Джем» нысандарынан заң бұзушылықтар анықталды. Нысан иелеріне айыппұл салынды, ал өз бетімен салынған құрылыс бойынша іс сотқа жолданды.

Атап айтқанда, «Nurai тәттілері» және «Атауы жоқ» ғимараттарында құрылыс нормаларының бұзылғаны анықталып, иелеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1-бөлігі және 319-бабы бойынша айыппұл салынды. Сонымен қатар, ғимараттың артқы бөлігінде 2×2 метрлік құрылыс, құдық және су құбырының өз бетінше салынуына байланысты материалдар сотқа жолданды.

Бұзушылықтар «Asahi food» пен «Джем» ғимараттарынан да анықталды. Аталған нысандардың иелері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 316-бабының 1-бөлігі және 323-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Барлық заң бұзушыларға анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

МСҚББ ұсынған суреттер

5 маусым, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.