
Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен «Кең Жылыой» мәдениет үйі қалпына келтірілуде.
Мекеме директоры Әлібек Темірхановтың айтуынша, 2010 жылы пайдалануға берілген ғимарат бірнеше күн бойы су астында тұрған.
- Салдарынан сыртқы және ішкі келбеті бұзылып, биыл күрделі жөндеуге тұрғаны қуантып тұр. Күні бүгінде есік, терезе, шатыры ауыстырылып, енді көрермен залының жөндеуінің жұмысын жасауда. 15 жұмысшы қамтылған, жұмыстың 50 пайызы атқарылған,-дейді ол.
Күрделі жөндеуге бюджеттен 627 млн теңге бөлініп, мердігер "lntegrated Construction Group" ЖШС жеңіп алған. 7 сәуірде іске кіріскен мердігер 10 тамызда жұмысты аяқтауға міндеттелген.
Ішкі жұмыстармен қатар ауланы абаттандыру қоса жасалуда. Мердігер жиһаздарды жаңартып, барлық жағдай туғызбақшы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор
В Атырау -2