
Атырау қаласында 2025 жылғы 5–9 маусым аралығында Азаттық даңғылындағы жол бөлігін қайта жаңғыртуға байланысты бірнеше мекенжайда ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарлады.
Жөндеу жұмыстары Кольцов В.М. атындағы орталық жылу пунктіне қосылған жылу жүйелерін қайта жаңғырту аясында жүргізілуде.
Ыстық су уақытша тоқтатылатын мекенжайлар:
-
Азаттық даңғылы: 117, 119, 121, 127, 129;
-
Қарымсақов көшесі: 1а, 2а, 4;
-
Стахановшылар көшесі: 1а, 2б;
-
Әуезов даңғылы: 48, 50, 52а, 52б, 52в, 52г;
-
Молдағалиев көшесі: 26, 28, 32;
-
8 наурыз көшесі: 7, 8;
-
Шәріпов көшесі: 26а/1, 26а/2, 28а, 30, 30а, 32, 34.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрайды.
В Атырау -2