Атырау, 8 желтоқсан 04:31
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда алғаш рет Қазақстан-Грузия бизнес форумы өтті

Сурет
580 рет қаралды

Атырау қаласында Қазақстан мен Грузия арасындағы алғашқы бизнес форумы ұйымдастырылды. Шара сауда, инвестиция, логистика, туризм және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды.

Форумға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин, Қазақстан-Грузин экономикалық қауымдастығының төрағасы Георгий Джахуташвили және қос елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы екі өңір – Атырау мен Боржоми арасындағы әріптестік 2023 жылы басталғанын атап өтті. Биыл маусымда Атыраудан 16 оқушы Грузияға барып, елдің тарихы және мәдениетімен танысады. Ал шілдеде грузиндік жастардан құралған делегация Атырауға келеді.

– 27 мамырда Атырау-Тбилиси бағытында жаңа рейс ашылды. Бұл – халықтар арасын жалғайтын маңызды көпір. Атырау индустриялық және инвестициялық әлеуеті жоғары өңір. Біз бірлескен жобаларға ашықпыз, – деді С.Шәпкенов.

2024 жылы Атырау мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,6 млн АҚШ долларынан асты. Облыста грузин капиталы бар 17-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Форум аясында B2B кездесулер өткізіліп, туризм, көлік-логистика, агроөнімдер жеткізу және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды.

Іс-шара Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бастамасымен өтті.

5 маусым, 02:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.