Атырау, 8 желтоқсан 04:30
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда күзгі-қысқы кезеңге дайындық​ барысы тексерілді

592 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты - алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық және энергия кәсіпорындарының жөндеу науқанының жүргізілуін бақылау.

Сапар барысында Ержан Ертаев «Атырау ЖЭО» АҚ, «Атырау Жарық» ЖШС, «Атырау жылу желілері» АҚ және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС нысандарын аралап, энергетикалық жабдықтардың ағымдағы жай-күйімен және жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімдерінің бекітілген графикке сай орындалуына ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында 2024–2025 жылғы жылыту маусымының өту мәселелері, технологиялық бұзушылық жағдайлары, сондай-ақ электр және жылу желілерін пайдаланудағы проблемалық мәселелер мен энергия жабдықтарының жұмысына байланысты ықтимал тәуекелдер талқыланды.

4 маусым, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.